KFW Астанада! Фешн көрсетілімнің бірінші күні, жарқын сәттерге толы болды. Бұл жолы, сәнқойларға Әділ Лиян, Нұрлан Батыров сынды танымалдармен, сахнаны бөлісуге тура келген. Ал, жұлдыздар өз міндетін ойдағыдай атқара алды ма екен?
Сән қуған сұлулар, жұлдыздар мен танымал тұлғалар. Қазақстан Фэшн Уик Астана барша бомондтың басын қосты. Әр топтаманы тәпіштеп тамашалап, трендтен қалғысы келмейтін қонақтар арасында Ләйлә Сұлтанқызы да жүр.
Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
-Біріншіден, сахнадағы киімді мен эфирге киемін. Менің стилистім барлық жағдайда, отандық дизайнерлермен жұмыс істейді. Мен мұнда келетін себебім, бұл статус деп ойлаймын, өзіңді көрсетуге елді көруге.
Фэшн-апталық «Антена» брендінің көрсетілімінен басталды. Деним маталы топтаманы таныстыруға кішкентай актриса – Әмина да өз үлесін қосқан еді.
Арай Малгаждар, Әминаның анасы:
-Қазіргі кезде Әмина жалғыз өзі де, Әдиямен бірге де подиумдарға шығып тұрады. Бірақ, қазіргі «Антенаның» атынан шыққан, және оның бренд-амбадассоры болғанды мақтан тұтамыз.
Динара Сәтжан да киімдерін жұлдыздардың көмегімен әйгілеуді жөн көрген. Тележүргізуші модель ретінде сахнаға – Әділ Лиян, Нұрлан Батыров, сондай-ақ өзге танымалдарды алып шықты.
Динара Сәтжан, «Dinara Satzhan» маркасының иегері:
-Бүгін мен Қазақстан Фэшн Уик аптасында өзімнің топтамамды менің сүйікті қалам, Астанаға арнадым. Бүгін біз айта аламыз, Астана сән, фэшн қаласы болды деп.
Сән кешінде басы қасы 10 дизайнер өз туындыларын ұсынған еді. Оның ішінде Жорж Макарун Франциядан аранайы келсе, «Мандарин Нарбаева», «Сергей Шабунин» сынды дизайнерлер, ерекше үлгілерімен есте қалды.