Жеке өмірлері жайлы жан баласына жақ ашпай, шаңырақ көтерген Қонарованың қос шәкірті біздің тілшілердің құрығына түсті. Жақында ғана жанұялы болған Батыр мен Әселдің, бұл ерлі-зайыпты атанғалы алғашқы сұхбаты.
Батыр жанұясында ұлдың үлкені! Осыдан екі жыл бұрын ата-анасының рұқсатымен, жеке тұруды жөн деп шешкен. Жалғыздыққа еті үйренген серіге, алғашқыда отбасылық өмірге сіңісу оңайға соқпапты.
Батыр Байназаров, «Rin’Go» тобының әншісі:
-Мен мысалыға бір бөлмеде жатсам, екінші бөлмеде тықырлатып, бір нәрсе жасап жатады. Сондай өзгерістер болып жатыр енді. Соған, ақырындап үйреніп жатырмын.
Байназаров бойдақтықпен қош айтысқалы, Жамақаеваға желі де жағымсыз сөздер жиі жазылатын болған. Кереғар пікір білдіргендердің басым көпшілігі Батырдың жанкүйерлері екен.
Әсел Жамақаева, «Ayumi» тобының экс-әншісі:
-Менің парақшама келген жағымсыз хаттардың санында шек жоқ. Мен ол қыздардың жазған сөздеріне, лайықты емеспін деп ойлаймын. Тіпті, олардың ұятсыз сөздерін айтуға ауыз бармайды.
Батыр Байназаров, «Rin’Go» тобының әншісі:
-Менің ойымша ол мүлдем дұрыс емес. Өйткені, олар мені шығармашылық тұлға ретінде қараса, жанкүйері болса... Олар сыйластықпен қарау керек. Бұл менің жұбайым. Сондықтан, мені сыйласа, менің жұбайымды сыйлау керек, қабылдау керек деп ойлаймын.
Батыр, жұбайының ән әлемінен гөрі, сән саласында жүргенін қалайды. Ал, жас жұбайлардың той күні әлі белгіленбепті