Алматыда 15-ші Еуразиялық Медиа Форум өз шымылдығын түрді. Саясат пен журналистиканың кіл мықтылары бас қосқан шарада, әр түрлі өзекті тақырыптар талқылануда. Мәселен, сіздің біреуге жіберген фейк хабарламаңыз, қоғамға қауіп төндіруі мүмкін екенін білесіз бе?
-Я рада приведствовать журналистов, участников, гостей, 15-го Евразиского Форума!
60-тан аса мемлекеттен келген 500-ге жуық қатысушыны, бір шаңырақ астында жинаған шараның шымылдығын Дариға Назарбаеваның өзі түрді. Ал, биылғы форум «Эволюцияның 15 жылы: әлем қалай өзгерді және бізді қалай өзгертеді» тақырыбы аясында өрбіді.
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
-Форум әрдайым бір ел ғана емес, бүкіл қауымдастық үшін күн тәртібінде тұрған мәселелердің, танымал да айтулы журналистердің, қоғам және саяси қайраткерлердің, сарапшылардың талқылауымен ерекшеленеді.
Ал, медиа саласының майталмандары, бүгінгі өзекті мәселелердің бірі – фэйк ақпараттың таралуы тақырыбын қызу талқыға салды. Әлеуметтік желідегі жалған жаңалықтар мен ойдан шығарылған хабарламалар, бүгінгі қоғамның хас жауына айналғандай.
Софико Шеварднадзе, журналист:
-Ғаламторда немесе әлеуметтік желілерде жалған ақпараттың таратылуы – адамдар пікірінің бұрмалануына алып келеді. Мәселен, соның бірі – Сириядағы оқиға. Сол кезде таратылған ақпараттың, қаншалықты рас екені тексерілместен, маңызды саяси шешімдер қабылданған еді.
Бұл тек қана бір мысал. Сондықтан да, әрбір адам ұялы телефонына келген хабарламаны, көшіріп өзгеге жібермес бұрын, ақпараттың ақиқатына жіті көз жеткізгені жөн. Әйтпесе, тек қана бір жалған жаңалық, қоғамды қатерге алып келуі мүмкін деп түйіндеді форум қатысушылары.