IBF белбеуіне үміткер Деревянченко мен Головкиннің тарапы әлі де келісімге келе алмауда.
Украиндық спортшының менеджерлері, GGG/ТриплДжи командасын жұдырықтасудан қашқақтауда деп айыптап отыр. Геннадий 5 мамырдағы айқасы алдында, IBF тұжырымына 20 мың доллар төлеген еді. Енді қыркүйекте Сауль Альвареспен қайта жұдырықтасар болса, тағы уақыт соза тұрмақ.
Еске салсақ, IBF чемпионы Головкин осы, белбеуге үміткер Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізуі тиіс. Қос боксшының өкілдері ресми келіссөздерді бастап кеткен.