«Оскар» жүлдесінің екі дүркін иегері Джоди Фостер, енді қылмыскерлерді қарамағына алып, қамқорлық танытып жүр. Тіпті ол, «Артемида» атты қонақүйде мейірбикелік қызметке да орналасыпты. Бұл туралы Джоди бикештің өзі айтсын.
Warner Bros ұсынған су жаңа лентада, Джоди Фостерге мейірбике рөлі бұйырған. Алайда, «Артемида» әдеттегі аурухана емес, қылмыскерлердің панасына айналған мекен. Онда айыптылардың күллі құпиясын білетін мейірбикеге, өзгелерге көмектесу міндеті жүктелген.
Джоди Фостерден өзге, «Артемида қонақүйі» лентасында София Буттела мен Дэйв Батистаны байқауға болады. Фильмнің Лос-Анджелесте өткен премьерасына, киногерлер түгелдей қатысты.
Джоди Фостер, актриса:
-Бұл картинада өзгеріске ұшырадым. Сырт келбетім ғана емес, жан дүнием, актерлық шеберлігім. Тіпті, өзімді тани алар емеспін. Бұл фильмді әрбір көрермен міндетті түрде тамашалауы тиіс.
Джоди Фостер сынды өзгеріске тап болғандардың тағы бірі – Маугли. Әйгілі режиссер Энди Серкис, жабайы аңдар арасында өскен балақай оқиғасын, өз нұсқасымен таспалап шығарды. Трейлері жаңадан таныстырылған лентада хикая желісі қаз қалпында қалғанмен, туынды арнайы эффектілермен толықтырыла түскен.
Ал, Джони Депп жұлдызды хип-хоп орындаушы Тупак Шакурдың өліміне кім кінәлі екенін анықтамақ.Серінің кезекті кейіпкеріне «Жалған қала» лентасында дәл осындай жауапты іс тапсырылған. Ол, мың құпия бүркеген ақиқаттың түбіне жете ала ма, жоқ па?! Оны көрермен осы жылдың күзінде біле алады.