Бүгінде «Кешью» қыздарымен көңіл жарастыру, отандық шоу-бизнестегі ер азаматтар тапқан тың тренд секілді. Бұл жолы атышулы гелзбендтің экс-мүшесіне көз салған - Нұржан Керменбаев.
Шындығында, Қапкарашка мен Сара «Доғар» атты әнге таспаланған бейнебаянда, ғашықтардың образын сомдайды. Өнердегі әріптестердің бірігіп түсірген клипі, екі күнде 180 мыңға жуық қаралым жинаған.
Бұл әнші арудың «Кешьюден» кеткелі, жеке орындаған алғашқы туындысы. Керменбаевтың репертуарындағы аталмыш әнді ұнатқан Сара, өнердегі ағасына өзі ұсыныс жасапты.
Сара Амангелді, әнші:
- Маған атақтың да керегі емес болды ол жерде. Нұржан Керменбаевпен айту маған арман болды да. Осы әнді жеткізгім келді. Өзім айтқым келді, өзімді көргім келді.
Нұржан Керменбаев, әнші:
-Үйленерге дейін жүрдік қой қыздармен. Сол кездердегі оқиғалар есіме түседі де. Сол сияқты жастар өте көп қой деген сияқты ой. «Доғар» деп айтатын жандар бір-біріне өте көп де. Өйткені уақыт өзгертеді. Әр нәрсе өзінің орынымен болады.