Үндістан жұртшылығы өз қуанышын тойлауда! Болливудтың жарқын өкілі, танымал актриса Сонам Капур ақ келін атанды! Ал, арудың айтулы күнінде келген қонақтар арасынан, Шахрух Хан мен Айшвария Рай да табылған!
Киногерлер әулетінде дүниеге келген Сонам Капурды, әлем көрермендері Болливудтық картиналар арқылы жақсы таниды. Бүгінде актриса, өз есімін қалыптастырып үлгерген үндістандық өнерпаздардың бірі.
Алайда, мансап жолында толағай табыстарға жеткен актрисаның жеке өмірі, көпке дейін көңіл көншітпеген еді. Сонамға, тек отыздан асқан шағында ғана өзгенің етегінен ұстап, ақ келін атану бақыты бұйырған.
Өнерпаздың отау құру салтанатында Болливудтың ығай мен сығайы түгелдей жиналған. Сонамды құттықтау үшін қонақтар көшін Шахрух Ханның өзі бастаса, Аишвария Раи да құрбысының қуанышына ортақтасты.
Ал, үйлену тойдың өзі ежелдгі дәстүрден мызғымастан, үнділік салт бойынша өткізілді.