Францияда әйгілі Канн кинобәйгесі өз шымылдығын түрді. Айтулы салтанатқа аттанған қазақстандық актрисалар, Кейт Бланшет, Пенелопа Крусдың өзін көлеңкесінде қалдырған көрінеді. Сондай-ақ,. фестивальде Димаш Құдайбергеннің де әсем әніне орын табылған.
Кейт Бланшетт, Пенелопа Крус бен Хавьер Бардем... Канн бәйгесіне ағылған голливуд жұлдыздарына, қазақстандық өнерпаздармен қызыл кілемді бөлісуге тура келді. Санжар Мәди, Динара Бақтыбаева, Құралай Анарбекова есімдері де кинофестиваль меймандарының тізімінде.
Ал, Димаш Құдайбергенов болса, айтулы шараға ән шырқау үшін арнайы келген.
Биыл салтанатты Канн фестивалі 71-ші рет өз есігін айқара ашты. Бұл жолы қазылар алқасының құрамына Ле́а Сейду́, Кристен Стюарт сынды танымалдар енсе, оны басқару Кейт Бланшетке сеніп тапсырылған.
Кейт Бланшетт, актриса:
-Қазылар алқасы ретінде біздің міндетіміз жүрегімізді тыңдап, ең үздіктерді анықтау. Келген қонақтарды киномерекені керемет көңіл күйде тойлауға шықырамын.
Ал, байқаудың шымылдығы ирандық режиссер Асгар Фархадидің, «Бәрі біледі» картинасымен түрілді.
Пенелопа Крус, актриса:
-Дарынды режиссермен жұмыс істеу үлкен тәжірибе. Ол осы киноны таспалау үшін көп еңбектенді. Испанияға қоныс аударып, арнайы тілді де меңгерген еді.
Он күнге созылатын киноаламанда, бұдан өзге толықметрлі 20 туынды басты жүлде үшін таласқа түседі. Еске салсақ, отандасымыз Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді немқұрайлығы» картинасы, «Ерекше көзқарас» аталымын жеңіп алуға ниетті. Актриса, Динара Бақтыбаева Канн бәйгесіне аталмыш лентаны таныстыруға арнайы келген еді.