Меган Маркл мен Гарри ханзада туралы фильмнің тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ақсүйектер әулетінің атұстары мен ажырасқан актриса!Ұлыбританияда Меган Маркл мен Гарри ханзада туралы, бар шындықты бүкпесіз баяндаған фильмнің тұсауы кесілді. Аталмыш лента, патшалық отбасының көңілінен шықты ма?

Бұл сәтті күллі Ұлыбритания жұртшылығы тағатсыздана тосқан еді. Патша әулетінің мұрагері мен одан үш жас үлкен, бұрын ажырасқан актрисаның махаббаты. Дәл осындай, ертегі желісін еске түсіретін - ханшайым жайлы хикая көрермен қауымға жол тартты.

Қос ғашықтың алғашқы таныстығынан бастап, той күніне дейінгі бастан өткерген әрбір сәтін баяндайтын лентада, басты рөл - Мюррей Фрейзер мен  Париса Фитц-Хенлиге бұйырған. Қос актер де, Единбург қаласында өткен фильмнің таныстырылымына қатысуды міндет санапты.

Париса Фитц-Хенли, актриса:

-Меган Марклдың рөлін сомдау үлкен мақтаныш. Жұмысым арқылы ханшайымды жақынырақ тани түстім, өзіме көптеген жаңалық аштым. Сондықтан да, түсірлім кезі өзіме қатты ұнады.

Ал, патшалық жанұя хақындағы картинаны таспалау мәртебесі, режиссер Менхай Худа-ға сеніп тапсырылған болатын. Еске салсақ, киногерлер, Меган Маркл мен Гарри ханзаданың рөлін сомдайтын жандарды ұзақ іздеген еді.

 Мюррей Фейзер, актер:

-Әрине шынайы өмірге қарағанда, фильмдге аздған толықтырулар болды. Қайткенмен, бұл көркем фильм ғой.

Ал, үйлену тойдың қарасаңында жарық көрген туындыға ақсүйектер әулеті пікір білдіруге асығар емес. Алайда, авторлар бұл лентаға патшалық отбасы оң бағасын беретіндігіне сенімді.