Пэрис Хилтон болса, Билбордтың үміткерлері тізімінде жоқ. Жұлдыз өзінің үйлену тойының қамымен жүр. Әнші, осы жылдың 11-ші қарашасында отау құрмақ. Себебі, 40 жыл бұрын Пэристің ата-анасы дәл осы күні некелескен болып шықты. Ал, ұлан-асыр тойға кімдер шақырту алар екен?
Крис Зилкамен сөз байласқан әнші, қазіргі таңда үйлену тойының дайындығына белсене кірісіп кеткен. Жұлдыз, өміріндегі ең бақытты күнін, 2018 жылдың 11-ші қарашасында, Беверли-Хиллзда атап өтпек. Пэрис тіпті қалыңдық көйлегін де таңдап қойған деседі. Өнер иесі Дисней ханшайымының образын қалап, оны дизайнер Джереми Скотқа сеніп тапсырған екен. Енді, қос-ғашық айтулы мерекесіне барлық әріптестерін шақырмақ ниетте.
Әйгілі «Тақтар ойынының» жұлдыздары - Кит Харингтон мен Роуз Лесли да өздерінің үйлену тойларының қамымен жүр. Ортақ туындыда бірге бой көрсетіп, өмірде де шын ғашықтарға айналған актерлар, отау құру салтанатын телехикаяның стилінде жасамақ. Бұл екеуінің тағдырын тоғыстарған жобаға деген алғыстары екен. Жұлдызды жұп неке қию рәсімін қашан атап өтетіндерін құпия ұстаса да, 200-ден аса қонақ шақырғандарын жасырмады.
Кайли Дженнер ресми түрде тұрмысқа шықпаса да, «Сторми» есімді қызды дүниеге әкелген еді. Кайлидің табынушылары 3 айлық сәбиді-әкесі Трэвис Скотқа емес, жұлдыздың жеке күзетшісінен айнымай қалған деп топшалайды. Тіпті желіге жұлдыздың оққағары Тим Чангтың суреттері тарап кеткен болатын.
Бұл жайтты естіген Кайлидің анасы Крис, Тим туралы еш ақпаратты жарияламауға, барын жоюға бұйрық берген екен.