Хэй Йо! Луинаның кезекті әніне таспалаған клипі дәл осылай аталады. Айта кетейік, бұл бейнебаян - әншінің продюсерсіз атқарған алғашқы жұмысы! Ол жаңа видеоға отандық шоу-бизнестің ең танымал бикештерін топтастырған. Бірлігі жарасқан құрбылар жайлы сюжет, аталмыш туындының алғашқы көрермендеріне де ұнап қалғандай...
Данияр Өтеген, «Rin'Go» тобының әншісі:
Ол өз достарымен осындай тату-тәтті екендерін көрсетіп, жақсы бір көңілдегі клип шыққан сияқты. Менің ойымша осы ең басты ерекшелігі.
Бикеш бұл бейнебаянда да бұрынғы үрдістен жаңылмаған. Жартылай-жалаңаш кейіпімен елге жақсы танылған Луинаның, батыл образдары жайлы әріптестері әр түрлі пікірде.
Жан Мұқанов, продюсер:
Көрсететін жері бар енді. Сонысын көрсетіп жатқан шығар. +00:47:46 өзі ойымды айтсам, көп аса қөбылдамаймын мұндайды...
Сиви Махмуди, әнші, актриса:
Луинаның жан-дүниесі кішкене қысқа киімге, өзінің әдемі келбетін көрсететін киімдерді жақтыратын адам екені көрініп тұр. Күнделікті өмірде де сондай киімдер киіп жүреді!
Ал, әншінің болашағына алаңдаған сырластары, ашық-шашық киіммен алысқа бармайтынын жақсы біледі. Олардың бар тілегі: Луинаның бір басы екеу болып, тезірек ана бақытын сезінгені.
Шолпан Бейсенова, «Do-Mi-No» тобының әншісі:
Мен айттым Луина, бала көтеру керек, итпен жүрмей десем, күліп, кетші деді де маған қойды.
Айдай Исаева, бизнесвумен:
Қыз баласы өмірге келгеннен кейін, бірінші мәрте ана атануы керек. Ол ертең ана атанғаннан кейін, өмірдің мәні екенін түсінеді.
Ал, құрбылары Луинаның қалыңдық атанғанын аттай қаласа да, әзірге әншінің тұрмысқа шығып, сәби сүю жоспарында жоқ!