Кейбір режиссерлар болса, өз картиналарының тұсауын Канн кинобәйгесінде кесетінін айтқан еді. Ал, фестивальді ұйымдастырушылар, осы айтулы күнге қызу дайындалуда. Тіпті, жеңімпаздарға табысталатын мүсіншелер де өз иелерін күтіп сақадай-сай тұр.
Бүгінде, Швейцариядағы әйгілі шеберханалардың бірінде, арнайы жүлдені әзірлеу үшін сегіз қолөнерші барын салуда. Мүсіншенің алғашқы үлгісі де жұрт назарына ұсынылды.
Марк Коутэт, зергерлік үйінің директоры:
-Бір мүсіншені әзірлеу үшін 40 сағатқа жуық уақыт кетеді. Олардың әрқайысысы сегіз шебердің қолынан өтеді. Бұл оңай шаруа емес дер едім.
Ал, киносаласының ең беделді марапатының қай режиссерларға бұйыратыны, мамырдың 8-19-ы күндері аралығында белгілі болмақ.