«Қаржыны кімге береріңді біл!» Дженнифер Лоуренстің танылуына мол жәрдемі тиген Харви Вайнштейн, өзінің шәкіртіне белшесінен қарыз көрінеді. Компаниясы мүлдем құлдыраған киногердің, енді актрисаға ақшасын қайтара алмай жүрген жайы бар. Ал, Дженнидің өзі бұл мәселеге көз жұма қарай ма?!
Харви Вайнштейн компаниясының жағдайы мәз емес. Тіпті, кинопродюсер соңғы туындыларында бой көрсеткен, Дженнифер Лоуренстің қаламақысын әлі күнге бермеген. Харви, әйгілі актрисаға 100 млн доллардан аса қарыз болса, Мерил Стрипке 140 млн доллар берешегі бар екен. Одан өзге, Голливудтық жұлдыздар: Питер Джексон мен Прис Броснан да адал еңбекақыларын ала алмай жүр. Ал, Харвиді қолдаған Дженнифер Лоуренс әріптестерін шыдамды болуға шақырған.
***
Ал, әнші The Weeknd болса, өзінің кезекті ғашығын жұртқа таныстырды. Сері, бұл жолы Шантель Джеффрис есімді сәнбикемен көңіл қосқан. Сылқым, Джастин Бибердің экс-ғашығының бірі болған екен. Енді, Уикэндпен екеуінің ұзаққа созылған достық қарым-қатынастары, үлкен махаббатқа ұласқан. Канадалық әншінің қалауы да Шантельдей жан болса керек. Жанкүйерлері екеуіне де бақыт тілеуде!
***
Пэрис Хилтон болса, қалыңдық атанар күнін кейінге шегерген. Крис Зилкамен сөз байласқан әнші, үйлену тойдың күнін күте тұрғанды жөн көріпті. Ал, табынушылары жұлдыздың аяғы ауыр болғандықтан, асықпай тұрмысқа шығуға шешім қабылдаған деп топшалауда. Бұған себеп болған, Пэристің «BeautyCon» кешіне киіп келген образы. Оның өзі, бүгінде отау құру салтанатының қамымен күнде әлекке түсіп жүргенін жиі айтады.