ДиКаприо өзінің сүйіктісі Камилланы анасымен таныстырды.

Сообщить о проблеме с эфиром

ДиКаприоның экс-сүйіктілеріне қарағанда, қазіргі ғашығының бағы бар көрінеді. Сері, таяуда ғана өзі көңіл қосқан Камилла Морронені, анасымен ресми түрде таныстырған. Болашақ келіні, енесінің көңілінен шықты ма?

ДиКаприоның отбасын құратын уақыты жеткені қашан. Актер өзіне өмірлік жолдасы болар жанды ұзақ күткенін айтады. Тек сәнбикелерді жаны сүйетін сері, Камилла Моренемен көңіл жарастырған еді. Тіпті, Голливуд жұлдызы өз  ғашығын анасымен таныстырып та үлгерген. Ал Камилла, Леоның шешесінің қалауынан бірден шыққан көрінеді. Енді жұрт, 20 жасар арудың келін атанар күнін тағатсыздана күтуде.

***

49 жасқа келген Кайли Миноуг де әлі тұрмысқа шықпаған. Бірақ, әнші 2016 жылы 30 жастағы Джошуа Саспен сөз байласып, кейін жұптары жараспай айрылысып кеткен еді. Себебі, бикешке ғашығы опасыздық жасайды. Өмір мұнымен тоқтамайды, деп шешкен Кайли, кезекті махаббатын жолықтырған.  Пол Соломонсон есімді сері, әншінің көңілінен шыққан деседі. Ол британдық «GQ» журналының директоры екен. Кайли де өз таңдауына сенімді.

***

Натали Портманға азаматтығынан айырылып қалу қаупі төніп тұр. Себебі, жұлдыз туған жерінде болатын «Genezis» марапаттау рәсіміне қатысудан бас тартқан. Бұл ресми шара актрисаның отаны - Израильде өтпек екен. Ол ел мен үшін үрейлі деген Наталидің, бұл қылығына ашуланған ұйымдастырушылар, оның төлқұжатының күшін жоямыз деп қорқытқан көрінеді. Бірақ, АҚШ-тың да азаматтығы бар сылқымның, еш уайымы жоқ!