Режиссер Али Шер Сүлеймен отандық көрерменге таңсықтау, фэнтези жанры арқылы табысқа жетуді көздейді. Алайда, оның тұсауы жаңадан кесілген картинасы, көрерменнің оң бағасын алды ма? Киногерлердің өздері не дейді?
Отандық киноқоржынға жаңа қосылған фэнтезиді тұңғыш тамашалау құрметі, ең алдымен ел таныған танымалдарға бұйырған. Атауы өзгеше естілетін «Шатырдағы бұлт» картинасының тұсаукесерінен, жұрттың көп ерекшелік күтуі де заңдылық.
Мадина Дәулетқызы, тілші:
-Сізде әдетте премьерада көре бермейміз, бүгінгі шараға келуіңізге не себеп болды?
Нұрлан Абдуллин, әнші:
-Біріншіден бұл фэнтези фильм. Екіншіден, бұл менің жолдасым, жан жолдасым десем болады. Менің көптеген бейнеклиптерімді түсірген, Әлішер мырза. Енді, бұл жаңа туындысы болған соң, мен үшін өте қызық.
Бұған дейін, тек жұлдыздарға бейнебаян таспалап жүрген Али Шер Сүлеймен, өз картинасына арқылы бір топ жас толқынның бағын жағуды көздегендей. «Шатырдағы бұлт» – режиссерден бастап, барша түсірілім тобы үшін үлкен кинодағы дебюттық жұмыс болмақ. Соған орай, алғаш қадамын жасаған актерлармен тілдесуді де жөн көрдік.
Мадина Дәулетқызы, тілші:
-Аталмыш картинада сіз басты рөлді сомдайды екенсіз.
Вахид Изимов, актер:
- Иә, осы картинада менің дебютым. Ең басты рөлге дебют. Маған өте қызық болды съемка процессі. Осы рөлде шайтанның рөлін ойнасам болады. Шайтанның рөлі ғой менде.
Қазына Абдрахман, актриса:
-Шынымды айтсам, менде аса қиын сахналар болған жоқ. Көбінесе қиын сахналар, біздің басты кейіпкер - Диас Әзімжан сомдаған, басты кейіпкер Тимур рөлінде болды. Шатырда түсірген.
Ал, фэнтези элементтеріне толы картинада, тығырыққа тап болған жігіттің бастан кешкен оқиғасын Диас Әзімжан барынша шынайы көрсетуге тырысқан.
Мадина Дәулетқызы, тілші:
-Бәріміз қазір бірге тамашаладық фильмді, өзіңіздің көңіліңізден шықты ма?!
Диас Әзімжан, актер:
-Біз актерлер, түсірлім кезінде сценарийді толық бермей, сондай методикамен жұмыс істеді режиссер. Сондықтан, мен қазір көріп отырмын, ішінде метафорасы бар, жалпы қоғамның проблемалары қозғалады кинода, сол жағынан ризамын.
Олай болса, қалың көрермен өзекті тақырыптармен астарланған фэнтезиді, сәуірдің 26-нан бастап үлкен экрандардан тамашап, өз бағасын бере алады.