Дженнифер Гарнер дұшпанымнан кек алсам деп, жоспар құрып жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Марк Уолберг - халық қамын күйттеген тыңшы атанса, актриса Дженнифер Гарнер керісінше - кек алу үшін жамандыққа да әзір кейіпкердің образында! 2018 жыл киносүйер қауымды, қандай тың туындылармен қуантпақ? Бұл сұрақтың жауабын, голливуд жұлдыздары «Cinemacon» шарасында айтып берді.

Үш күнге созылған «Cinemacon» шарасының соңғы сәтіне дейін, киногерлер болашақта жарық көретін картиналарын барынша таныстырып қалуға тырысты. Мәселен, Марк Уолбергке су жаңа «22 миль» лентасында мемлекеттік тыңшының рөлі бұйырған.

Марк Уолберг, актер:

-Мен спорттық дайындығы мықты, қайсар кейіпкерді сомдадым. Түсірілім барысында үйренерім көп болды. Жүре берсең, көре бересің деген осы шығар.

Дженнифер Гарнер да өзінің әріптесінен қалысар емес. Голливудтық жұлдызға да «Жалбыз дәмі» фильмінде батылдық танытуға тура келген. Шытырман оқиғаға толы триллерде ару, дұшпандарынан кек алуды көздейді.

Дженнифер Гарнер, актриса:

-Әрбір әртіс атыс-шабысқа толы лентаға, түсіп көруі керек деп ойлаймын. Заттарды қиратып, айқайлап, қарумен жаттығу – мұның барлығы ерекше шабыт сыйлайды.

Киносүйер қауым 2018 жылы тарихи туындыларды да тамашалай алмақ. Марго Робби мен Сирша Ронан өздері басты рөлді сомдайтын «Мария – Шотландия патшайымы» картинасын ұсынуға әзір.

Сирша Ронан, актриса:

-Лентаның сюжетіне британдық тарихшының кітабы негіз болды. Сондықтан, қызықты дүние шыққанына сенімім мол.