Диплом бойынша мамандығы басқа шоу-бизнес өкілдері кімдер?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Асқар Бисембин, фильм таспалау үшін диплом керек емес дейді. Дарынды режиссердың бұл пікірімен оның өзге де әріптестері бірден келісе кетті. Сонымен, киносаласында жұлдызың жану үшін не істеу керек?

Отандық киноқоржынды комедиялық туындылармен байытып жүрген Асқар Бисембиннің, дипломының өнер саласына түк қатысы жоқ. Асқар, режиссерлік тізгінді қолына алмағанда, ақ халатты абзал жан атанар еді.

Асқар Бисембин, режиссер:

-Мен мамандығым бойынша психиатор-наркологпын. Біздің әулетімізде барлығы дәрігер. Мен де, сол жолды қуып, білім алдым. Бірақ, жұмыс істемедім.

Асқардың әріптесі Жеңісхан Момышевтың да, режиссура бойынша арнайы білімі болмаған. Алайда, ол соған қарамастан сүйікті ісін тастамақ емес.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

-Менің мамандығым экономист, ал режиссураға өзімнің жолыммен келіп жатырмын. Өзіме ұнайды, жұмысқа күліп барған әрдайым жақсы емес пе.

Режисесерлардан бөлек, киносаласында жемісті еңбек етіп, дипломын сандықта  сақтаған актерлар да жетерлік.

Шәріп Серік, актер:

-Дегенмен өзім заң мамандығын бітіргенмін, заң жағынан бірнәрсені білу керекпін.

Ал, арнайы білім алмай-ақ «кино жұлдызы» атанып жүргендер жайлы, дипломы бар әртістердің пікірі мынау:

Дариға Бадыкова, актриса:

-Бұлардан не шығады дейсің деген, кейде стереотиптер боладығой. Кейде талпыныстарын көресің де, ойбай мынау бітірген ба деп қаласың...

Қысқасы, егер де сіз  белгілі бір салада жұлдызыңызды жаққыңыз келсе, Асқар Бисенбиннің айтар кеңесіне құлақ асқаныңыз жөн.

Асқар Бисембин, режиссер:

-Менің марқұм әкем айтушы еді, «не ұнаса сонымен айналыс» деп. Сол кісі айтқандай, әрбір адам алған біліміне қарамастан,  жанына жақын дүниемен шұғылданғаны дұрыс.