Головкин сынды кәсіпқой спортта жүргеніне біраз болған теннисші Серена Уильямс, People журналының «таңдаулылар» тізімінен табылды. Әйгілі басылым, әлемнің әдемі адамдарының есімін жариялаған болатын. Бұл жолы «ең сұлу әйел» атағы әнші Пинкке бұйырыпты.
Әйгілі People журналы жыл сайын әлемнің әдемі адамдарының тізімін жасайды. Танымал басылымның пайымымен, «ең үсұлу әйел» атанудың кезегі Пинке келген. Еске салар болсақ, бұл мәртебе осыған дейін Джулия Робертс, Дженнифер Лопез, Сандра Буллок сынды аруларға бұйырған болатын.
«Тартымдылар» титулын еншілеген 38 жастағы әнші, енді балаларымен People журналының бетбейнесіне айналмақ.
Көркімен көз тайдырғандар тізімінде Пинктен өзге, 70-ке жуық әйел мен 5 ер азаматтың есімі бар. Әлемнің әсем адамдарын толықтырғандар қатарында: актриса Галь Гадот, теннисші Серена Уильямс, Меган ханшайым да бар. Маркл бикешке «Сырт келбеті ғана емес, жан дүниесі де сұлу» аталымы бұйырған көрінеді.
Жігіттерден құралған тартымдылар бестігіне: музыкант Лин Мануэл Миранда, спортшы Адам Риппон, тележүргізуші Джимми Киммел, әзілкеш Кумейл Нанджиани мен Рэпер Дрейк енген көрінеді.