Джон Красинский өзінің әйелімен өмірде ғана емес, ортақ фильмдерде де бірге. Ал Ченнинг Татум болса, 10 жылға жуық қарым-қатынастан кейін, жарымен ажырасқан еді. Үмітін үзген актер, енді актриса Эмбер Хердпен көңіл қосқан көрінеді. Қос жұлдыз бұл құпия махаббат жайлы қашан мәлімдемек?
Ченнинг Татумның экс-жұбайымен енді қосылмайтыны анық. Себебі, актер бұл үмітті біржолата үзген. Енді, Эмбер Хердпен уақыт өткізіп, көңілін жұбатып жүр дейді табынушылары. Қос актер 2015 жылы «Супер Майк» фильмінде бірге бой көрсеткен болатын. Ченнингтің басы босағанын, Эмбер күтіп жүргендей-ақ деп шуласуда жұрт. Алайда, ғашықтар арадағы сезімдерін ашық мәлімдеуге әлі дайын емес сыңайлы.
***
Ал, Крис Прэтт жары Анна Фариспен 8 жылға жуық отау құрып, кейін қарым-қатынастары суып ажырасқан еді. Актер әлі де әйелін қайтарғысы келетін мойындады. Экс-жұбайлардың Джек есімді ұлдары бар. «Ең бастысы жалғыз баламызды қатты жақсы көреміз» дейді. Актерді қолдаушылар да, жұлдыздардың қосылуын қалайды.
***
Голливудттық танымалдардың бірі, Блейк Лайвли болса өткеніне қайта оралғысы келмейді. Актриса «Сезам Көшесі» ток-шоуында берген сұхбатында, өзінің мектептегі шағын есіне алды. Оны тіпті кішкентай кезіндегі келбеті үшін, сыныптастары мазақ етіпті. Өзін «ұсқынсыз балапанға» ұқсатқанын есіне алған Блейк, «қазір ең сұлулардың біріне айналдым» деп көңілін жұбататын көрінеді.