Нәзік жандылар ғана емес, ерлер қауымы да халық алдында әдемі көрінуді қалайды. Тіпті, эстрадада жүрген серілер, мейк-аптың көмегіне жүгінуге әзір. Сонымен, сахнаға боянып шығатын жігіттер кімдер?
Режиссерліктен бұрын, әнші ретінде біраз тер төккен Жеңісхан әрлеушілердің көмегіне жүгінгенді құп көреді. Оның мейкапқа қатысты өз айтары бар:
Жеңісхан Момышев, әнші, режиссер:
-Бояну керек, өйткені ол бояну емес, ол грим дейді. Сахнада жүрген адамға ол керек. Өйткені свет дұрыс қойылмайтын болса адамның беті жаман көрінеді.
Талай жұлдыздың әдемілігіне жауапты Санди Бексырға да, «ерлер макияжын» «грим» деп атаған жөн дейді. Визажистің сөзінше, отандық өнерпаздар арасында бетін мүлде әрлетпейтіндер де кездеседі екен.
Санди Бексырға, визажист:
-Нұржан Керменбаев жасатпайды грим. Ұлықпан Жолдасов. Бірақ сонда-да, кішкене болса да аздап тоналкамен гримді, пудраны жағамыз.
Сенің жаныңда» бейнебаянын ұсынған Ғалымжан Молданазарды да, бояуы үшін кезінде жұрт қатаң сынның астына алған болатын. Жаңа толқын өнерпаздары да ерекше әлпетімен жұрттың сөзіне қалып жүретіндер қатарында.
Санди Бексырға, визажист:
-Тек қана жас топтар болмаса, өздерінің стильдері сондай болып жатқан кезде ғана боямасақ. «Найти уан» тобы. Алайда, «бояну» сахнаға шыққан өнерпаздың тек образы екенін ұмытпаған жөн.