Аша Матай мен хэйтерлер арасындағы айқасқа әлі күнге дейін нүкте қойылар емес. Оқырмандары, тіпті, оның үйде отырып, бала бағуын талап етеді екен. Жағымсыз пікірлерін желі арқылы жолдаған фолловерлеріне, Ашаның айтары бар!
Ашаның әр қадамын жіті қадағалайтын оқырмандары, үйінің бетін көрмей, тынымсыз еңбек еткен бикешке қапалы көрінеді. Олар әншінің түздегі тіршілігіне емес, отбасына көңіл бөлгенін құптайды екен...
Аша Матай, әнші, актриса:
-Неге сен үнемі жұмыстасың? Неге күйеуіңе қарамайсың? Неге бала-шағаңа қарамайсың? Балапаның өз бетімен өсіп жатыр ғой. Үй шаруалары қалай? Сен жаман келін шығарсың деген сияқты...
Бірақ, негізсіз айып таққандарға Аша ашуланып отырған жоқ! Өйткені жұмыс кестесі тығыз өнер иесі, отбасы мен кәбісіне де уақытты теңдей және тиімді пайдаланып жүргенін айтады.
Аша Матай, әнші, актриса:
-Мен олардың барлығына мән бермеймін. Неге десеңіз, мен өз жолыммен жүрген адаммын. Және де ең бастысы менің жарым бақытты, ата-аналарымыз бақытты және балапаным шүкір, аман-есен!
Арман Қоңырбаев, «Mysterions» тобының әншісі:
-Мен негізінде өзім андай адаммын да... Өз-өзіммен жүргенді жақсы көремін де. Оны Аша біледі, орысша айтқанда мен «самостоятельный» адаммын да.
Арман жұбайының жәрдеміне зәру болмағанымен, қызының анасына қояр талабы таудай. Декреттік демалыстан шыққан шақта, Ашаға «жұмыс пен үйдің арасында жүресің!» - деп шарт қойған. Сондықтан, желіде жағымсыз пікір жазған хэйтерлерге, біреудің отбасы үшін қам жемеуін өтінді.
Арман Қоңырбаев, «Mysterions» тобының әншісі:
-Қызымызға әрине енді анасы көп уақыт бөледі. Жұмыстан кейін үйге келеді. Сондай негізінде екеуміздің арамызда шарт дейді ғой, келісімшарт бар. Жұмысқа барады, кейін үйге келеді. Қызымызға қарайды.