Қайрат Нұртас қандай оқушы? Тәуекел Мүсілім сыныптасының сырын ашты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде, Қайрат Нұртас Қазақстанның ең танымал әншісі атанғанымен, кезінде кейбір қатарластары талантына күмәнмен қараған екен. Тіпті оның сабақ үлгерімі де көңіл қуантарлықтай болмаған деседі. Осы уақытқа дейінгі хитменнің ашылмаған кей сырларын, сыныптасы Тәуекел Мүсілім бүкпесіз баяндап берді.

Қайрат Нұртас, Тәуекел Мүсілім, Бауыржан Сатов және футболшы Жамбыл Көкеев – сыныптастар! Бір мектепте білім алған жігіттерді, бүгінде жұрт жақсы таниды. Бірақ, оқушы кезінде бала Қайраттың атақты әнші болатыны қатарластарының үш ұйықтаса түсіне де кірмеген. 

Тәуекел Мүсілім, тележүргізуші, актер:

-Қайрат ән айтып жүрген кезде мен аса бір, былай айтатын болсақ тек әнші ретінде қабылдамайтынмын. Баласың ол кезде. Және де әр мереке сайын ән айта берген соң, жалығып кетесің. Ал, былайша қазір енді барлық әндері ұнайды.

Тәуекелдің сөзінше, Қайрат Нұртас озат оқушылардың да тізімінде болмаған. 

Тәуекел Мүсілім, тележүргізуші, актер:

-Жақсы оқыды деп айтпаймын. Әйтеуір орта деңгейдегі оқушы болды. Арасында төбелесіп те жүрдік. Бұзық та болатынбыз. Арасында футболда ойнаймыз. Сондай оқушы болған ол!

Ал, Анар Батырхан колледж қабырғасында Төреғали, Асылхан, Аян, Алтынай Жолдыбаева сынды танымалдармен бір топта оқыған. Бүгінде, барлығы отандық шоу-бизнестің қазанында қайнап жүргенімен, актрисаның жанына жақыны - кіші Төлепов.

Анар Батырхан, актриса:

-Себебі, біз Асылхан екеуміз бірінші сыныптан бастап бірге өстік. Бізді барлығы апалы-сіңілілер, егіздер деп айтатын. Біз өнер академиясына түспей тұрып, мектепте «Асыл мұра» театрына барып, актер болуды армандаған болатынбыз.

Оқушы кезін дарынды балаларға арналған мектепте өткізген Рүстем Нұржігіттің де талантты әрі танымал сыныптары бар!

Рүстем Нұржігіт, әнші:

-Ақбота Керімбековамен бірге оқыдық. Өзі бір ер мінезді, жылдам болатын. Ешқашан, бір анау-мынау қалжыңды көтере алмайтын. Бір айтса соны орындау керек те. Сондай ер мінезді...

Сондай-ақ, айнымас құрбылар Динара Сұлтан мен Мөлдір Әуелбекова да төрт жыл бойы Өнер Академиясында бір топта білім алған.