Таяуда ғана құрамы өзгеріске ұшыраған «Блэк Дайл» тобынан кеткен қос рэпер, бүгінде «EQ» атты жаңа музыкалық ұжым құрып жатқан көрінеді. Олардың экс-продюсері Есболат Беделхан, жігіттердің бұл әрекетін толық заңсыз деп отыр. Іс насырға шапса, қос тарап сотта жүздесуі де ғажап емес...
Самат пен ескелді «Блэк Дайл» тобымен қош айтысқан еді. Қазіргі таңда қос өнерпаз жеке шығармашалыққа бет бұрып, «EQ» атты ұжым құрған. Бастары біріккен рэперлердің бұл қадамын, экс-продюсерлері заңсыз деп отыр.
Есболат Беделхан, әнші,продюсер:
-Қазіргі істерінің бәрі заңсыз және менің ойымша, неғұрлым жалғастыра берсе, бұндай заңсыз әрекеттерді, соғұрлым өздеріне жаман болады.
Келісімшартты бұзған жігіттерге, 7 жыл көлемінде сахнаға жекелей шығуға тыйым салынады екен. Бұған дейін, «Блэк Дайлдың» әндерінің сөзін жазып келген қос өнерпаз, туындыларымызды топтың шырқағанына ризамыз деген-ді. Алайда, продюсерлік орталыққа тиесілі музыкалық өнімді «біздікі» деп жариялау, Есболаттың айтуынша ойға қонымсыз әңгіме.
Қос өнерпаз «Блэк Дайл» тобынан кетпес бұрын, жеке қалауларын жетекшілеріне жеткізгенде оқиға басқаша өрбитін бе еді?!
Есболат Беделха, әнші,продюсер:
-Олар әрине, дұрыстап түсіндіріп, енді өздерінің бүкіл жағдайын, өздерінің қалауын. Келіспейтін зат болмайды. Мысалы бір адам орындаушы, продюссеріне келіп мен шыққым келеді десе, қандай продюсер оны шығарады.
Болар іс болды. «Блэк Дайлмен» қош айтысқан жігіттерге, қандай да бір қолдау көрсеткендердің әрекеті, шоу-бизнестің тамырына балта шабумен тең, - дейді Есболат Беделхан. «EQ» ұжымы экс-продюсерлерімен бітімге келе ме жоқ па?! Ол енді уақыттың еншісіндегі мәселе!