Актриса Гвинет Пэлтроу мен продюсер Брэд Фэлчак, өздерінің үйлену тойларын атап өтті. Жұлдыздар тіпті БАҚ өкілдерінен жасырыну үшін, бар айла-тәсілді қолданса керек. Шаңырақ көтеру салтанаты құпия түрде болса да, журналистер ақпаратқа қол жеткізген.
Актриса Гвинет Пэлтроу ғашығы Блэк Фэлчакпен, БАҚ көздерінен тасада үйлену тойларын атап өтті. Қос ғашықтың қуанышына ортақтасуға 400ден аса қонақ келген. Жас жұбайлардың салтанатында Дженнифер Энистон, Кейт Хадсон, Джулия Робертс, Кэмерон Диас сынды танымалдар да жүр. Бір қызығы, Гвинет қалыңдық көйлегін де кимеген көрінеді. Жұлдызды жұптың басты мақсаты жұрт назар өздеріне аударып алмау болған.
***
Зейн Малик болса, экс-ғашығы Джиджи Хадидты қайтарғысы келетінін жасырмайды. Әнші бірнеше күн бұрын «let me» әніне бейнебаян ұсынған болатын. Джиджи, бұл әннен, музыкант екеуінің қарым-қатынасын сипаттайтын сөздерді байқаған. Ал Зейн болса, махаббатына деген сағынышын, осы трек арқылы жеткізгуге тырысқан деседі. Табынушылары да қос жұлдыз қайта қосылса деген ниетте.
***
Канье Уэст болса, енді жазушы атанбақ. Рэпер философиялық кітап жазып жатқанын жеткізді. Каньеның арманы оқырманға дұрыс жол көрсету екен. Музыкант суретке түсуге құмар жандар туралы ойын, өз шығармасына арқау еткен. Ол, фото арқылы, әрбір адамның өткенге оралуға мүмкіндігі бар деген тұжырымды ұсынады. Алайда, рэпер қолжазбасының қай уақытта жарыққа шығатынын ашып айтпады.