Натали Портманның алдын орап кеткен қай актриса?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тыңшылар мен киберқарақшыларға төтеп бере алған жас хакер мен журналистің хикаясын естігеніңіз бар ма?! Шытырманға толы оқиғаны үлкен экрандардан тамашалауға, көрерменнің 96% ынтық көрінеді. Бір де бір трейлері жарыққа шықпай-ақ, жұртты шулатқан қандай фильм?
Детективті триллерде Клер Фой, жас хакер Лисбет Саландердің образына кірмек. Актриса тіпті бұл рөлдің өзіне бұйырғанына қуанышты. Себебі картинадағы басты кейіпкерді ойнау үшін Скарлетт Йохансон, Натали Портман сынды жұлдыздар таласқа түскен көрінеді. Дегенмен, режиссер Федерико Альварестің таңдауы Клер сұлуға түсіпті. 2011 жылы таспаланады деп жоспарланған туынды, ақыры 2016 жылы Sony компаниясының бастамасымен қайта жанданған.

Федерико Альварес, режиссер:

-Шытырман оқиғаны баяндағанда тұрған түк те жоқ. Әр жанрды алып, барлығын қарастырдық. Кейіпкер өз әлемінен бөлек, қиыншылыққа тап болады.

Ал актриса Клер Фой, кейіпкердің өмірі мен бастан кешетін хикаясы таңқаларлық деп отыр.

Клер Фой, актриса:

-Федерико Альварез өте талантты. Ол аудиторияны қызықтыра да, толқыта да алады. Меніңше ол керемет туындыны жасап шығарады.

Сюжет желісі бойынша хакер Лисберт нен журналист Микаэль, криминалды әлемнен төнген қауіп-қатерге тап болады. Басты мақсаттары құпия өлімді анықтау. Шытырманға толы триллерді асыға тосып жүрген көрермендер де аз емес. Картина 2018 жылдың қазан айында үлкен экрандарға жол тарпақ!