Әйелдер құқығын қорғаймыз! Отандық шоу-бизнес өкілдері бұдан-былай, білек сыбана нәзік жандылардың мәселесіне кіріспек. Әзірге, арулардың қамын күйттегендер тізімінде, Баян Мақсатқызы көш бастап тұр.
Джейрандықтардың «Жылайсың» туындысы жанкүйерлерінің таңданысын тудырған еді. Себебі, атышулы гелзбенд бейнебаян арқылы, әйел затына қол көтеру сынды өзекті тақырыпты қозғайды деп ешкім ойламаған.
Бұл күндері қазақ шоу бизнесінде, арулардың мәселесін күйттеуде Джейрандықтардың жақтаушылары жетерлік. Мәселен, кезінде өзі де зорлық-зомбылыққа тап болған Баян Алагөзова бейнебаян емес, түгелдей фильм таспалауға ниетті.
Баян Алагөзова, продюсер:
-Жуық арада әйелдерге ерлер тарапынан көрсетілетін зорлық-зомбылық туралы фильмдер түсірмек ойдамын. Видеоның барлығы ютуб желісіне жүктелетін болады.
Танымал тележүргізуші Ләйлә да өз әріптестін қолдайды. Сұлтанқызы қалам тербеп, кітап жазу арқылы арулардың құқығын күйттеуге үлес қоспақ. Бұған дейін оның, «Әйел» атты еңбегі жарық көрген еді.
Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
-Әр түрлі мемлекетте тұратын қазақ әйелдері, бірі биік дәрежеде өзін көрсете алып жүр, енді бірінің жағдайы қиын. Жалпы сондай оқиғалардың басын қосып, ағылшын тілінде арнайы тек қана шетелдерге кітап қылып шығаратын ойым бар.
Ал, ұзақ уақыт көзден таса болған әнші Калияның, шығармашылық үнсіздік жариялауы бекер емес екен. Өнерпаз бұл күндері әйелдер құқығын қорғау ісіне білек сыбана кірісіп кеткен.
KALIYA, әнші:
-Мен осы ООН фондының Юэневпа фондымен жұмыс істей бастадым. Біздің әйелдердің құқығы туралы, зомбылық болмау туралы сондай-сондай мәселелерді көтеріп жатырмыз.
Калия, тек жұдырықтай жұмылсақ қаған күресіміз нәтижелі болады дейді.
KALIYA, әнші:
-Өздеріміз сол қыздарға көмек көрсетпесек. Бәрін айтып берсек, осындай қиын мәселеден шығатын жолдарды көрсетсек, позитивті жолдарын. Онда ондай оқиғалар орын алмас еді біздің қоғамымызда.