Жаһандық сән әлемінің серкелерін анықтайтын жиын, Лос-Анджелесте осымен төртінші мәрте өтті. Тhe Daily Front Row ұйымдастыратын бұл шарада, сән индустриясындағы «ең үздік дизайнерлерді марапатталады.
Қонақтарға арналған қызыл кілем мен шоу-бағдарлама, кеш ажарын аша түсті. Марапат алғандарды қолдауға Перис Хилтон, Фрэнсис Бин Кобейн, Николь Ричи и Крисси Тейген сынды жұлдыздар келген.
Сонымен, «жыл дебюты» ретінде сәнгер Джейми Мизрахи танылса, «жылдың үздік дизайнері» атағы Стюарт Веверске бүйырды. Ал, Эмили Ратайковски «Ең үздік модель» аталымы бойынша оқ бойы озық шықты.