Ал, еліміздің дарынды дизайнерлері оңтүстік астанаға ағылуда. Өйткені, сән саласының ең маңызды шарасы - Kazakhstan Fashion Week өз шымылдығын түрді. Біздің, тілшіміз де атаулы салтанатқа қатысып қайтқан болатын.
Мадина Дәулетқызы, тілші:
-Санаулы сәттен кейін Kazakhstan Fashion Week 25-ші рет сән қуған сұлуларға өз есігін айқара ашпақ. Бұл жолы әсемдік салтанатында Тамара Ламанукаева, Джуди-ай, Ерлан Жолдасбек сынды дизайнерлер өз топтамаларын алғашқы болып таныстыратын болады.
Ал, оған дейін меймандар суретке түсіп, дизайнерлердің шоурумға ұсынған киімдерімен танысып үлгерді. Келген қонақтарды тек Ерлан Жолдасбек көрсетілімінің басталуы сахнаның маңына жинады.
Ерлан Жолдасбек, сәнгер:
-Бұл маусымда киімдерімді шығыс стиліне арнадым. Тек табиғи шикізатарды қолдануға тырыстым. Жібек, мақта, жеңіл тоқыма маталары дегендей.
Сәнгер Тамара Ламанукаева болса, өткен жылмен салыстырғанда бұл жолы киімдерінде ұстамдылық танытқысы келгендей.
Ал, Джуди-Ай брендінің негізін қалаушы Жұлдызай Жұматаеваның топтамасына қалың көпшілік арасынан қызыға қарағандар көп болды.
Мадина Дәулетқызы, тілші:
-Жұлдызай, сізді құттықтаймыз. Бұл жолы көбінесе қызыл түске таңдау түсірген сияқтысыз.
Жұлдызай Жұматаева, сәнгер:
-Менің топтамамның аты «Ерке қыз» деп аталады. Қызыл түс, қазақ елінде көз тимесін деп қолданадығой иә. * Мен өз коллекцияларымда қызыл түсті және этниканы қолданамын.
Джуди-ай болашақта ұлттық киімдерімізді Еуропаға танытпақ. «Ерке қыз» шетелдің талғампаз сәнқойларын мойындатқан Айнұр Тұрысбектің де көңілінен шыққандай. Алайда ол дизайнерлердің топтамаларын бөліп-жарудан аулақ.
Айнұр Тұрысбек, сәнгер:
-Дизайнерлердің әр жұмысы бірегей туынды. Және оның әрқайсысының артында үлкен еңбек жатыр.