Қайрат Нұртастың анасы кенже ұлының үйленуіне неге қарсы?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мына жарасымды жұпқа қарасаңыз, таяуда Қайрат Нұртастың шаңырағында тағы бір той болатын тәрізді. Бұл әншінің кенже інісі Заңғардың, сүйіктісімен түскен суреттері. Бірақ, Гүлзира Айдарбекова ұлының ерте үйленгенін қаламайды...

Қайраттың інісі Заңғар 22 жаста! Бүгінде бозбала жігіттің көңіл қосқан сүйікті қызы бар. Ғаламторда тараған ғашықтардың мына суреттерін, қазнет қолданушылары қызу талқыға салуда. Ал, Айдарбековтер әулетінің кенжесі, ата-анасына болашақ жұбайын таныстырудың оңтайлы сәтін күтіп жүр.

Заңғар Нұртасұлы, Қ. Нұртастың інісі:

-Менің ойымша жақын арада мүмкін. Сәті түссе. Сүйіктім бар. Әлі таныстырған жоқпын. Уақыты келгенде таныстырамын.

Алайда, жұлдызды ене келін түсіруге дайын емес болып шықты! Былтыр ғана екінші ұлын үйлендірген Гүлзира ханым, әзірге кіші атұстарының отағасы атануын құптап отырған жоқ!

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

-Қазір енді келін түсірмейтін шығармыз деп отырмын. Біраз бойдақ болып жүрсін. Екі-үш жыл көрсін өмірді.

Бірақ, болашақ абысынын Жұлдыз Әбдікәрімова жақсы таниды. Кенже қайнысы жеке өміріндегі жаңалықтарын жеңгесінен жасырмайды екен.

Жұлдыз Әбдікәрімова, Қ. Нұртастың жұбайы, актриса:

-Әрине, міндетті түрде! Таныстырды, оны танимын. Олардың әрбір қадамы, әрбір ойы маған маңызды. Олар менімен бөлісіп жатады. Ең алдыменен. Ол келінді де бұйырса түсіреміз!

Соңғы кездері Заңғарды сахнада да жиі байқап жүрміз! Ағасының «Жанұялық шоуында» өнер көрсеткен ол, Қайратпен ағылшын тілінде ән шырқаған еді.  Ағайындылар орындаған тың тректің аудионұсқасы күні кеше желіге жүктелді.