Алсу шығармашылығында үзіліс жасап, бар уақытын тек отбасына бөліп келген еді. Енді, әнші шоу-бизнес көшіне қайта қосылды. Ал камбэк жаңа бейнебаяннан бастау алмақ.
2016 жылы үшінші сәбиін өмірге алып келген Алсу, уақытын отбасына арнауға бел буған еді. Енді, әнші біраз үзілістен кейін, «Не молчи» атты әніне бейнебаян түсірді. Ресейлік жұлдыз бұл туындыда суретшінің рөлін сомдайды, клип режиссері Алексей Голубев. Осылайша, шығармашылығын қайта жандандырған Алсу, таяу келшекте тыңдарманын тағы қуантауға уәде берді.
Ресейлік тағы бір әнші, Ольга Бузова «Бери меня» әніне түсірген бейнебаянымен бөлісті. Тележүргізуші бұл видеосын АҚШ-та таспалаған. Ольганың кезекті туындысын бірнеше сағаттың ішінде, 500 мыңнан аса адам тамашалаған. Эпатажды әнші, бұл клипі де жанкүйерлерінің көңілінен шығатынына сенімді.
Ал, Алексей Воробьев пен Катя Блейри бірігіп, «Круглосуточно твой» әніне жаңа бейнебаян ұсынды. Дуэттің туындысы түсірілім барысындағы қарбаласты суреттейді. Жұлдыздардың ортақтасып жасаған жұмысының «аниме» жанрында таспаланған тағы бір нұсқасы бар. Бір әнге екі түрлі клип ұсынған әншілер, осылай бақтарын сынап көрмек.