Дәстен Шәкіров режисерлік еткен «Караман» картинасы көрерменге жол тартты. Алайда, өзінің дебюттық жұмысына өнерпаздың көңілі толмаған көрінеді. Неліктен? Жауабын тілшіміз біліп көрді.
Түсірілімі екі жылға созылған «Караман» триллерінің премьерасына халық көптеп жиналды. Меймандардың басым бөлігі, Дәстен Шәкіровты дебюттық жұмысымен құттықтай келген. Алайда, өнерпаздың өзі атқарған ісіне риза емес.
Дәстен Шәкіров, актер, режиссер:
-Мен өзім жалпы сондай адаммын да, мен өзімнің жұмыстарыммен аса қанағаттанбаймын. Өйткені киноға түсіп жатырмыз, өзімнің рөлдерім мысалға, қалай мен сомдадым маған көбінесе ұнамайды. Бұл фильмді енді бірінші рет түсіріп отырмын. Аса маған ұнамайды.
«Өзіме келгенде тым талапшылмын» деген Дәстен, актерлық пен пен режисерлық сынды екі қайықтың басын ұстап, суға кете жаздағанын да жасармайды.
Дәстен Шәкіров, актер, режиссер:
-Негізі мен басты рөлді сомдағым келмеген. Енді, продюсерлердің айтуы бойынша, сұрауы бойынша сені 2016 жылдан бастап сені көріп келе жатырмыз дегеннен кейін, жарайды көрейік деп. Бірақ, қиын болды.
Шытырман оқиғалар мен мистикаға толы картинада, алтын іздеген төрт жігіттің тағдыры суреттеледі. Отандық көрерменге жанры таңсықтау тың триллердің, алғашқы тамашалаушылары да өз бағасын берді.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
-Бұндай кинолар енді тәй-тәй басып келе жатыр. Психологиялық драма дейді ғой. Өсу керек, өну керек. Бұдан кейінгі кинолар да бұдан да жақсы болады.
Азамат Сатыбалды, актер:
-Жігіттердің батырлығына риза болдым. Өйткені бұндай жанрда көрерменге өткізу қиындау. Бұл жігіттерді өздерінің батырлығы үшін ризамын, құттықтаймын.
Ал, Дәстен режиссерлықтан бас тартпақ емес. Ол, бұл күндері тағы бір картинаның түсіріліміне әзірленуде.