«Камера. Мотор!». Бұл бұйрықтар берілгеннен кейін, кез келген актер режиссердің дегенімен жүріп, айтқанымен әрекет етуі тиіс. Ал оған көнгісі келмейтіндерге, түсірілім алаңында орын жоқ. Жас актер Хазірет Ержанов та дәл осындай қиындыққа тап болған екен. Режиссердың көңілінен шықпаған оның қай рөлі?
Жас актер Хазірет Ержанов алғашқы түскен фильміндегі образы үшін, жиі қысылады екен. Себебі, сымбатына сеніп келген сері, түсірілім алаңында сан мәрте сүрінген. Сол қателіктері үшін режиссердан да жиі сөз естігені бар.
Хазірет Ержанов, актер:
-Жиі емес. Осы күні жиі емес. Себебі ол өмірдің ағымы деп ойлаймын. Менің әрбір жасаған ісім, дұрыс емес болса өлшеймін да, орнын дұрыстаймын ғой кейін.
Ал, Санұржан Сүлейменов режиссерлардың көңіл-күйін түсірмеуге тырысатын көрінеді.
Санұржан Сүлейменов:
-Түсірілім барысында біреу профиссионалдық жағынан дұрыс емес, нәрсе жасаса, әрине ол режиссердің көзқарасына кедергі жасайды. Сондықтан көбісі ашуланады.
Ес білгелі түсірілім алаңында жүрген ол, бала кезінде режиссердың тілін алмағаны үшін естіген ұрысын әлі ұмытпапты.
Санұржан Сүлейменов:
-Есімде 13 жасымда рэпер баланы ойнағам. Және де режиссердің көзқарасы бойынша репер ондай емес деген, бір кішкене ұрыс естіп қалдық.
Әбунасыр Серіков, айыпты актерға айғайлай алатын режиссерларды құптайды. Себебі, түсірілім алаңының қожайыны да және әр сәтті дубльді көруші де сол дейді. Бүгінде, біраз кинода бой көрсетіп жүрген Әбунасыр, сан режиссермен қызу пікірталасқа да түсетін көрінеді.
Әбунасыр Серіков, актер:
-Бәрі қызба, бәрі. Себебі ол пенде болғаннан кейін қызба болады ғой. Оның өзінің көзқарасы болады. Сценарийді оқығанда ол былай көреді. Мысалы, мен сценарийді оқығанда былай көремін. Сондықтан барлық режиссер қызба.
Сәт сайын түрленетін қызба мінез – шығармашылық адамдардың бәріне тән қасиет секілді. Бұған еті үйренген актер, режиссер біткен бірде араз, бірде тату жүріп жұмысын істей бермек..