Осы уик-энд Қарақат пен Қыдырәлі үшін жарқын сәттерге толы болды! Қырықтың қырқасына шықан Әбілдина ханым, өзінің туған күнімен орайластырып, «Қарақат» мектеп студиясының он жылдығын дүркірете атап өткен еді.
Мейрейтойлық кеште, Әбілдинаның шәкірттері әуелете ән шырқап, домбырамен күмбірлете күй шертіп, өз өнерлерін ортаға салды. Тәлімгерлерден өзге, Болмановтар әулетінің атұстарлары да сахнадан табылды.
Болмановтардың бұл салтанатына сән беріп, қуанышына ортақ болған жұлдыздар да көп. Тойға құр қол келмеген олар, мектеп студиясының оқушыларымен дуэт орындады.
Кеш соңында, құшағы гүлге толған Қарақат сыйлықсыз да қалмады.
Болмановтар әулетінің отағасы, аяулы жарына темір тұлпар тарту етті. Алайда, бұл көлік жеке Әбілдинаға емес, мектеп студиясының игілігіне арналған.
Мұндай туған күн мерекесі Қарақаттың есінде мәңгі қалатын анық.