Айбек Байназаровқа кімнің кесірінен бейнебаянын қайта таспалауға тура келген?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шығын емес, еңбектің нәтижесі маңызды! Дәл осындай ұранды негізге алған Айбек Байназаров, өзінің соңғы бейнебаянын екі рет таспалаған. Оның қалтасының біршама жұқаруына себепкер де бар көрінеді. Сонымен, оқиға қалай болған? Тілшіміз айтсын.

«Жеткізіп саламын» әніне жазылған Айбек Байназаровтың жаңа бейнебаянын, көрерменнің көбісі оң бағалады. Алайда, үрейлі картинаға ұқсас клип таспалау әншіге оңайға соқпапты. Мәселен, дайын  видеоны, режиссердің қалауымен басынан қайта түсіруге тура келген.

AYBA, әнші:

-Айбек, актриса көңілімнен шықпады деді. Сол съемка полностью күйіп кетті бірінші түсірген. Шыны керек өзіме де ұнаған жоқ. Режиссер айтты қайтадан түсірейікші деп. Мен бейнебаянның сапалы шыққанын қалаймын. Оны түсіріп, көңіліңнен шықпай жатса халыққа ұсыну, мен үшін ұят.

Бейнебаянды жаңадан таспалау, қалтаға ғана ауыртпалығын тигізбепті. Қақаған қыста жұмыс істеу де қиындық тудырған. Ал, Айбектің өзі  бас кейіпкер Дина Тасбулатовамен, тек түсірілім алаңында танысқанын айтады.

Байназаровтың бұл бейнебаянын, Майкл Джексонның «Триллеріне» ұқсатқандардың да қарасы көп.

AYBA, әнші:

-Жалпы, бұл менің өзімнің қиялым. Бір жерден алып, немесе Майкл Джексонның әнінің үстіне мотив қойып, ондайым жоқ. Мен өзім с нуля, тамырынан бастап өзім кірісемін. Ойыма келеді, бас гитарадан бастап дын-дын-дын деген сияқты.

Жанкүйерлеріне тек сапалы дүниелерін ұсынуды жөн көрген Байназаровтың, таяуда рэбрендинг жасағаны тағы бар.

AYBA, әнші:

-«Айба» деп үшінші клипім шықты. «Айбаның» ішінде Майкл, Фанкс стилінде барлығын қосқан кезінде звучание дейді ғой. Қазіргі таңда AYBA деп шығып жатырмын.

Жаңа есіммен жұртқа талай тың дүниелерді тарту етсем деген AYBA, болашақта отандық әншілермен дуэт жазуды да көздейді.