Джаред Лето әнжинағын жарнамалау үшін саяхатқа аттанды

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық әншілер жарнама жасаудың жаңа жолын іздесе, Джаред Летодан үйренгендері жөн болар! Шетелдік өнерпаз өзінің әнжинағын насихаттау мақсатында, саяхатқа атанды.

«30 Seconds to Mars» тобының мүшесі,  әйгілі актер Джаред Лето, Америка бойынша саяхатқа аттанды. Сапар барысында Оскар иегеріне ұзақ жаяу жүруге, қоғамдық көлікпен қатынап, тіпті жүргізушілерден тегін жеткізіп тастауын сұрауына да тура келген.

Джаред Лето, муызкант, актер:

-Білесіздер ме, бұл өте кермет! Нью-Йорктен бастап АҚШ-тың ішінде самолет, пойыз, көлікпен жүріп, талай жанмен таныстым. Көркі көздің жауын аларлық әсем жерлерді тамашаладым. Естен кетпес саяхат болды.

Танымал музыканттың су жаңа әнжинағын дәл осылай жарналамауы бекер емес. Бұл ісімен Джаред Лето отанының қаншалықты ыстық екенін көрсеткісі келген. Себебі, альбомның аты да «Америка».

Джаред Лето, муызкант, актер:

-Альбомның таныстырылымын әдеттегідей өткізсек те болар еді. Пресс-релиз жазып, әнжинақты жан-жаққа таратып дегендей. Алайда, жаңашылдыққа қадам жасау керемет емес пе?!

Еске салар болсақ, Джаред Лето аталмыш альбомды жазуды «ЭКСПО» аясында Астанада бастаған еді. Ал, бұл жинақ ән чарттарының көшін бастаса, өнерпаз сақалын алып тастауға да әзір екенін айтуда. Олай болса, музыканттың сырт келбетінен тың өзгерісті жуық арада байқаймыз деп сенейік.