Атышулы Дәурен Айдарқұлов қызқұмар екенін мойындады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жена - не стена!» Күні кеше дәл осындай атаумен отандық кинотуындының тұсауы кесілді. Қызқұмар жігіттің өмірін суреттейтін картина сценариі, құдды бір Дәурен Айдарқұловтың өміріне арнап жазылғандай. Айтпақшы, бұл пікірмен атышулы актердың өзі де келісіп отыр.

Жена - не стена! Қазақстандық киноөндірістің қоржынын тағы бір картинамен толықтырған - Асқар Бисембин. Режиссер кезекті комедиясы арқылы отбасылық құндылықтарды насихаттауды көздеген. Басты рөлді сомдаған Дәурен Айдарқұлов, түсірілім алаңына тосыннан келген екен.

 Асқар Бисембин, режиссер:

-Алдында Кентал болған, первый выбор. Содан кейін, Кентал мені кешірсін, по-братски. Енді, Дәурен более органично подошел на эту роль.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Жалпы, кинода, рөлде, сценарийде ұнады. Сол себепті кинода Кентал емес, мен болып қалдым. Кентал ренжіме!

Режиссердың таңдауы тегін болмай шықты. Фильмнің желісі бойынша өзге әйелге аңсары ауған Айдарқұлов, некелі жарының көзіне шөп салады.

Актердың айтуынша кинодағы кейіпкер, өмірдегі Дәуреннің көшірмесі көрінеді. 

 Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Өмірдегі Дәуренге де бұл образ қатты ұқсайды деп айта аламын. Иә, негізі осындаймын.

Алғашқы көрермендердің комедияға көңілі толғанымен, Дәуреннен мұндай жауапты күтпеген... 

Марат Оралғазин, тележүргізуші:

-Қате дүние енді. Сен өмірлік жарыңды таңдағаннан соң, міндетті түрде онымен бүкіл өміріңді сүруге тиіссің.

Ал, Айдарқұловтың талантына тәнті болған Айнұр Ілиясова, атышулы актерды әрдайым қолдайтынын айтады. 

Айнұр Ілиясова, актриса:

-Дәуреннің әйелі болғың да келеді, Дәуреннің ашынасы да болғың келеді. Дәурен өте тартымды. Көре бергің келеді. Қарай бергің келеді оған.

Ал, екі әйелдің ортасында сайран салған қызқұмардың ендігі тағдыры не болмақ?! Жауап: «Жена – не стена» картинасында. Көпшілік көптен күткен комедия, 5-ші сәуірден бастап үлкен экранға жол тартады.