Санди Бексырға болашақта шетелдік жұлдыздармен жұмыс істеуге ниетті. Бүгіннің өзінде ол, Си Си Кэтч сынды аңыз әншінің жеке визажисіне айналып үлгерген. «Енді, Джей Лоны бояндырсам арманым жоқ»- дейді Сандуғаш.
Сексенінші жылдары атағы жер жарған Си Си Кетчтың, халық алдында әдемі болуы бұл күндері - қазақтың қаракөзі Санди Бексырғаның қолында. Әйгілі әншінің визажисті атанған ару, Кароли́на Катари́на танымалдылық тұғырынан көрінгенде небәрі бір жаста еді.
Санди Бексырға, визажист:
-2017 жылы январь айында Алматы қаласына келгенде, көптеген визажистердің арасынан жаңа жұмыстарын көрсеткен 5-6 визажистің. Соның ішінен менің жұмысымды таңдапты Каролина. Мені шақыртып, қорқып бардым әрине. Ұнайма, ұнамайма.
Талғампаз жұлдыздың көңілінен шықан Санди, енді әйгілі өнерпазбен шетелдерге аттануға міндетті. Әлі күнге дейін үлкен сұранысқа ие, әрі гонорары 35 мың еуроны құрайтын Си Си Кэтч, өз қызметкерлерінен ақшаны аямақ емес.
Еңбекақысы бір бөлек, Бексырғаның ұшақ билетіне кеткен шығынның барлығын әнші өз қалтасынан төлеп береді.
Санди Бексырға, визажист:
-Визажистер көп қой мысалға. Сол мемлекеттен да барып, бояса болады. Ол кісінің атын естісе бәрі барады. Мен үшін мәртебе, мені сыйлап басқа мемлекеттен шақыртып. Бірақ кейде жолда ұзақ жүріп кетеміз. Сол кезде өзіме шыда, ол сенің жұмысың деймін.
Си Си Кэчтың жүрегін жаулаған Санди, осы күнге дейін Қазақстаннан өзге шетелдерді қосқанда, басы-қасы 7000-нан астам шәкірт тәрбиелеп үлгерген. Бексырғаны ұстаз тұтқандар арасында, Динара Сәтжан сынды танымалдар да жетерлік.
Санди Бексырға, визажист:
-Өзінің өтініші болды, Алматыға студияма келіп үйреніп кетті. Өте тез үйренетін адам. Өнерде де өмірде де, Динараның ебі мықты. Тез алып кетеді бәрін. Негізінде бәрі «Кешью» тобы, Аиша бәрі менен оқыған.
Жұмысының арқасында кезінде Ким Кардашьянмен де жүздескен Сандуғаш, болашақта Дженифер Лопестің жеке әрлеушісі атануды көздейді. Арманынының орындалуы үшін, дарынды визажист барын салуға дайын.