Ким Чен Ын k-pop орындаушыларының концертіне қатысты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Егер, Ким Чен Ын инстаграм желісінде тіркелген болса, фолловерлерінің саны бірнеше күнде еселеп артар еді. Себебі, Солтүстік Корея басышысы k-pop орындаушыларының кешінде төбе көрсетіп, әлем жұртының таңданысын тудырды.

Оңтүстік Корея елінің әншілері Пхеньяндағы Үлкен театр сахнасына жиналды. Бұл өнерпаздардың 13 жыл ішінде, солтүстік өңірге алғаш рет ат басын бұруы. 160-тан астам музыкант қатысқан айтулы шараға, республика басшысы Ким Чен Ынның өзі төбе көрсеткен болатын.

Ерекше концертке Солтүстік Корея көшбасышысы жалғыз келмеді. Тарихи сәтте Ким Чен Ынның қасынан әйелі мен қарындасы табылды. Ал, өзге музыканттармен бірге Пхеньxяндағы k-pop орындаушылары өнерін ортаға салған салтанат, саясаткердің көңілінен шыққандай.

«RED VELVED» тобы:

-Халық бізді жылы жүзбен қарсы алды. Көрермендер қол соғып, тіпті бізбен бірге ән салды. Тіпті, сахнадан кеткенімізде де қошемет көрсетуді тоқтатпады. Әсерленіп қайттық.

Кеш барысында сезімге бөленген Ким Чен Ын, Оңтүстік Корея әртістерімен суретке де түсті. Өнерпаздар болса, өз кезегінде екі ел арасында бұрынғы байланыс қайта орнайтынына үміт артқан.

Сохён, «GIRLS GENERATION» тобының мембері:

-Өнеріміздің арқасында Оңтүстік пен Солтүстік Кореяның арасында қайтадан достық қарым-қатынас орнайды сенемін.

Қатар жатқан қос мемлекет арасында расымен жылылық орнай бастағандай. Себебі, сәуір айының соңында екі елдің көшбасшылары кездесуі тиіс.