Ал, біз жуырда ғана Жүгінісовтер жанұясының, тағы бір жанмен толыққанын хабарлаған болатынбыз. Әке атанған Рүстем, күні кеше тұңғышын перзентханадан шығарып алды.
Салтанатты шараға, әншінің ет-жақындарымен қатар, әріптестері де құттықтай келген. Ал, бүлдіршіннің кіндік әкесі мен шешесі болу мәртебесі, Ерлан Көкеев пен жұбайы Анарға бұйырыпты. Жүгінісовтер әулетінің алғашқы немересінің аты – Айдай! Бір қызығы кестетігердің есімін Рүстемнің ата-анасы емес, жас әкенің өзі қойған.