Зейн Малик пен Джиджи Хадид жалған пиар үшін айыпталды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Зейн Малик пен Джиджи Хадид талай мәрте жұрт көзінше өздерінің айрылысқандарын растаған еді. Бірақ, араға көп уақыт салмай қосылғандарын хабарлайтын. «Бұл жолы да шынымен бәрі бітті» деген олар, енді қайта табыспақ ниетте екен... Жанкүйерлері мұны жалған махаббат және пиардың жаңа түрі деп айыптауда.

Зейн Малик пен Джиджи Хадидтың махаббатына күллі Голливуд тамсана қарайтын. 2016 жылдан бері ара-қатынастары суымаған олар, жақында айырылысуды жөн көрген. Бұған басты себеп - қос ғашықтың бір-біріне деген уақытының тапшылығы. Дегенмен, Зейн нағыз серілерше өз сүйіктісінің жүрегін қайта жаулауға кіріскен. Түрлі тосын сыйлар жасап, ғашықтық хаттарын жіберіп отырады екен. Ал, екеуінің жанкүйерлері болса, бұның бәрін әдейі жоспарланған пиар қадамдарға балайды. 

Ал, танымал неміс әншісі Том Каулитцтың жанкүйерлері болса, керісінше оның сүйіктісімен айырылысуын қалайды. Өйткені, Томның ғашығы өзінен 15 жас үлкен бикеш. Жұлдызы жаңа жанып келе жатқан музыканттың, бұл махаббат хикаясын әріптестері де құптамайды. Олардың сөзінше, әртістің абыройына бұл үлкен нұқсан келтіреді. Ал, қайда барса да, жұптары жазылмайтын Хайди Клум мен Том папарацци көзіне де жиі түсуді жалғастыруда.

Том мен Хайди Кан кинофестиваліне барса, селфи жасай алмасы анық. Себебі, салтанатты шараны ұйымдастырушылар, қызыл кілменің үстінде суретке түсуге тыйым салған. Басты себеп, кинобайқау теледидар арқылы көрсетілгенде, төмен рейтинг жинайтын көрінеді. Әлеуметтік желі арқылы жүлдегерлерді біліп алғаннан соң, оның толық нұсқасын тамашалауға жұрттың ықыласы азаяды. Қабылданған жаңа заң, оң өзгеріс әкеле ме жоқ па ол енді уақыт еншісінде.