Кейбір отандық әншілер, тығыз кестесіне қарамастан, театрға бас сұғып тұрады екен. Тіпті, Айқын бұл өнер ордасындағы этика жайлы жатқа айтып берді .
Айқын, әнші:
-Әйтеуір, спортивкамен бармасаң болды ғой. Жақсы, әдемі, «кэжуал» барсаң да театрға жақсы. Ең бастысы телефон өшіріп тастау керек. Кинотеатрда телефонмен сөйлесе алсаң, таетрда адам сөйлеп жатқан кезде, адамды тоқтатып сөйлесу мүлде мәдениетсіздікке жатады.
Әдеп сақтамайтын көрерменге өз наразылығын білдірген Айқынның ең соңғы тамашалағаны - «Құстар фестивалі» қойылымы. Әнші, көбіне мәдениет ордасына жұмыс бабымен бас сұғады екен.
Айқын, әнші:
-Негізі, театрға көбіне клип үсіруге барамыз. Түсірілімге барамыз. Мысалы, концерт жасағанда реквизит сұрап аламыз. Сондай жағдайлармен барамыз көбіне.
Отандық шоу-бизнестің танымал сүрбойдағы Кентал, ең соңғы рет қашан театр табалдырығын аттағанын еске түсіре алмай дал болды.
Кентал, әнші:
-Соңғы рет білмеймін енді, бес жыл бұрын барған шығармын. Ааа жоқ, соңғы рет екі жыл бұрын бардым. ТЮЗ-ға бардым. Көрдім, қызық болды. Массоны туралы ма, шетелдік біздікілер көрсеткен.
Ал, осыдан бір ай бұрын Азамат Сатыбалдының қатысуымен «Войцег» қойылымын тамашалаған Әли Оқапов үшін, театрдың өзге өнер саласына қарағанда алар орны ерекше.
Әли Оқапов, әнші:
-Мен актрисаның ұлымын. Көбісі біле бермейді, менің анамның мамандығы - актриса. Сондықтан театр мен үшін жақын нәрсе, мен оны құрметтеймін. Сондықтан осы мерекемен, мейраммен театрда жұмыс жасап жүрген барша ұжымды құттықтағым келеді.