Осы әнді кезінде Қайрат пен Төреғали де шырқаған. Қазіргі таңда Нұртастың ұлы қос астанамыздың тұрғындарына ауқымды шоу ұсынып жатса, Төрештің концертіне қарсылық білдіргендердің қарасы көп. Бұл жолы наразылық танытқан Қарағанды жастары...
Қарағандыдағы ән кешінің күні белгіленіп, қала көшелеріне жарнама суреті ілінген сәтте-ақ, аталмыш шаһардың белсенді жастары желіде шу шығарған. Олар ғаламтордағы жазбаларында Төреғалидың тегін концерт өткізуін талап еткен. Ал, Қапкарашка ашуға булыққан жерлестерін сабырға шақырып әлек.
Нұржан Керменбаев, әнші:
-Қатты ызалануда шығар расында да. Түрлі жайттар болды. Түрлі оқиғалар болды. Халық енді айтады... Айтатындай орыны да бар. Оған біз барлығымыз қарсы тұра алмаймыз. Бірақ, біз өтініш қана жасай аламыз. Кешіріңіздер, Төрешті кешіріңіздер. Біздер, өнердегі барлық әріптестері кешірім сұраймыз.
Қара баланың ұстанымын Беделхан да қолдайды. Кезінде Ұлы дала баласымен «Ордалық» әншілердің арасында талай мәрте түсініспеушілік болса да, Төрештің афишасын көрген Есболат, жас жігіттің жігерін жаншымау керектігін айтады. Өйткені, өнер иесінің концерті «Қатемді кешіріңдер» деп аталады.
Есболат Беделхан, продюсер:
-Қандай адам болсын, өзі мінін мойындаған ол ерлік. Ол өте үлкен дұрыс іс. Сондықтан, егер сондай ән шығарған болса, әрине мен Төреғалиды сол әнімен қолдаймын.
Иә, тентек қылығымен көпшіліктің көңіліне қаяу салған сері жігіттің әріптестері, шынымен де Төрештің болашағына алаңдай бастағандай. Мәселен, жақында ғана туған жерінде ән кешін өткізген Керменбаев, Ұлы дала баласы үшін тағы бір мәрте кешірім сұраған.
Нұржан Керменбаев, әнші:
-Төрештің өзі де білмес. Жақын арада мен Қарағанды қаласында концерт беріп қайттым. Сол кезде Төреш үшін менде Мақпал Жүнісова әпкеміз сияқты халықтан кешірім сұраған болатынмын. Қазірде бара жатқан Төрешке сәттілік тілеймін.
Төреғалидың Қарағандыдағы концерті 21-наурызға жоспарланған. Ал, жұртты дүрліктірген кештің қалай өткенін алдағы күндері хабарлайтын боламыз.