Әнші Әли Оқапов Наурыз мерекесін тойламайды! Негізінде, өнерпаздың мейрамға еш қарсылығы жоқ. Бар болғаны, оның атаулы күнді ойдағыдай өткізуіне, уақытының тапшылығы кедергі келтіріп жүрген көрінеді.
Бұл жолы Әли Оқапов, наурыз мейрамын тойлауға ауылға аттанбайды. Тығыз кестеге түзілген жоспарлары, әншіге мерекені мүлде ұмытқызған. Оның үстіне, Наурыздағы әр кештің есебінен, өнерпаздардың қалтасы біршама қампаятыны тағы бар.
Әли Оқапов, әнші:
-Осы жолы мен ешқайда кетпеймін. Мен Алматы қаласындағы концертке қатысудамын. Біз үшін өте ерекше жағдай болып тұр. Өйткені, дәл осы күні той болады туысқандарымызда. Сол сахнадағы концерттен кейін бірден тойға барам. Туысқандарымды құттықтауға.
Сәкен Майғазиев керісінше, атаулы мейрамды тағатсыздана тосатындар қатарында. Әншінің оған бірнеше себебі бар.
Сәкен Майғазиев, әнші:
-Біріншіден анамның туған күні, екіншіден шынында адамның ауызы аққа жетіп, көке жетіп дегендей. Мұндай мерекеде Алла тағала тек қана жақсылықтарда қауыштырсын дегім келеді.
Аша Матай да күн мен түн теңелген, дала нұрға боленген көктем мерекесін ойдағыдай өткізуді құп көреді. Алайда, ару әзірше «Наурыз көжені» әзірлей алмайды.
Аша Матай, әнші:
-Наурыз көжені шынымды айтсам, өзім жасап көрмеппін. Дегенменен, екеуміздің анамыз жасайды. Екеуі де өте дәмді жасайды. Мен тек қана қастарында тұрамын.
Ал, «Найтни уандық» мемберлер болса, тарихы тереңде жатқан әз-Наурыз қарсаңында игі тілектерін жаудыруды жөн көрді.
«Ninety one» тобы:
-Сәлем! Сіздермен бірге «91». 22-наурыз, жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл, жаңа бақыт, неше түрлі табыс және жаңа белестер алып келсін өзімен бірге. Күн мен түн теңескендей, барлығы бір-бірімен теңесе кетсін.