Атышулы Ақбота Сейітмағамбеттің «ұзатуы» тікелей эфирде өтті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Қызыңыздың қалыңдық атанар күні жақын, бірақ ұзатуға қаржы таппай жүрсіз бе?! Олай болса қам жемеңіз! Қалтаңыздан бір тиын шығармай-ақ, ерекше той кешін ұйымдастыратын ұжым бар. Ал, оларды  қалай табудың жолын біз көрсетеміз.

Күні кеше отандық картиналардың қоржыны тағы бір туындымен толықты. «Той любой ценой» деп аталатын комедияға Қанағат Мұстафин мен Айдын Сахаман режиссерлік еткен.

Бұл фильмде қарындасының ұзатуына жұмсалатын қаржыны, кенеттен жоғалтып алған жігіттің басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Той күнін белгілеп қойғанымен, мейрамханаға төлейтін ақша жоқ. Алайда, телевизия саласында жұмыс жасайтын Мақсат, тығырықтан шығар жолды таба білді.

Ол әріптестерімен тікелей эфирде «ұзату шоу» ұйымдастырып, екі жақтың ет-жақындарын студияға шақырады. Ал, көрермен мұны наурыз мейрамына арналған бағдарлама деп түсінеді.    

Қанағат Мұстафин, режиссер:

-Осы киномызда Наурыз бен қыз ұзату ұлттық мерекемізді насихаттау. Ең бірінші ойымызда, жоспарымызда сол еді. Жақсы, кәсіби түрде көрсету. Наурыз мерекесіне қарай шығарып отырмыз. Бұл біздің бүкіл халқымызға сыйымыз...

Фильмге басты рөлдегі кейіпкерлер Шәріп Серік пен Айым Сейітметова кастингсіз-ақ қабылданыпты. 

Айым Сейітметова, актриса:

-Режиссерлар осылай-осылай сценарий жазып жатырмыз. Сені көздеп жатырмыз деген сөздерден кейін кішкене ойлана бастадым. Сол Мәдина кейіпкердің мінез-құлқын қарастыра бастадым.

Ал, еш шығынсыз телестудияда өткен «ұзату той», көрерменді баурай алды ма?!  

Олжас Тоғымбет, актер:

- Наурыз туралы сыртқы жағынан алып келсе де, соның өзінде «қыдыр ата» жайлы, дәстүрлеріміз жайлы, құдалар болсын осы жағынан көп плюстер алып келген. Сол жағынан маған ұнады.

Әсем Көпбаева, әнші:

- Әр түрлі комедиялар бар ғой, бірақ мынадай комедиялар бізге жетіспейді ойлаймын.

«Той любой ценой» комедиясы, 21-ші наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілмек!