«Снэпчатқа» қарсымын! Танымал әнші Рианна күллі әлемді аталмыш мобильді қосымшаны қолданбауға шақырды. Өнерпаздың мұндай қадамына, компанияның қисынсыз пиар қадамы түрткі болды.
Арудың айтуынша, «снэпчаттың» шығармашылық тобы Риридің басынан өткен 2009 жылғы қиын жағдайды әжуа-мазаққа айналдырған. Еске салсақ, әншіні сол кезде экс-сүйіктісі Крис Браун соққының астына алған болатын.
«Рианаға шапалақ» немесе «Крис Браунға жұдырық»! Дәл осындай тіркестермен тараған жарнама, көптің көңілін көншітпеген. Тіпті, мобильді қосымшаның қолданушылар саны, бір күнде бірнеше есе азайып кеткен де көрінеді.