Әйгілі актер Эдди Мерфи өз балаларын неліктен мойындамайды?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Эдди Мерфи голливудтағы қаламақысы ең қымбат актерлердің бірі. Ал оның көпбалалы әке екенінен көпшілік мүлде бейхабар. Эдди тоғыз баласының бәріне бірдей көңіл бөле ме?! Неге ол кейбірінің әкесі екенін тіпті мойындаудан қашады ?

Эдди Мерфи - тынымсыз түсірілімдердің бел ортасында жүретін актер. Нәтижесінде тоғыз түрлі әйелден туған балаларына да көңіл бөле бермейді. «Уақыты тапшы шығар» дерсіз. Жоқ! Құлқы тартпайды. Себебі ол, бірнеше баласының өз қанынан екеніне күмәнданады. Әсіресе, Мелани Брауннан туған он жасар Энджидың өз қызы екеніне мүлде сенбейді. Тіпі, жасалған ДНК сараптамасы да актердың күдігін сейілте алмаған.

Ал, 43 жасында тұңғыш рет ана атануға ниетті Ева Лонгорияның күйеуі болса, бала өзінен екеніне бек сенімді. Олар ұзақ жылдар бойы аңсаған сәбилерінің жарық дүние есігін ашатын күнін тағатсыздана тосып жүр. Еваның айтуынша, әлі нәрестеге арнап киім-кешек те сатып алмаған. Айы-күні жақындап қалған ол, шақалағын жаңа әрі кең үйде босанғысы келеді екен. «Көшу қамымен жүргендіктен, Ева құрсағындағы баласының қамын әзірге жасап үлгермепті.

Ал, Ким Кардашьян болса, «жүкті болғанды жек көремін» деп сұқбат беріп, сәби сүйе алмай жүрген көптеген жандардың ашуына тиген еді. Артынша Ким, бұл сөзді неліктен айтқанын түсіндіріп берді. «ЕLLE» журналына шаққан мақалада, ол денсаулығының бала көтеруге жарамайтынын, тіпті тұңғышын өзі босанарда қатты қиналғаны жайында ашық айтқан. Сондықтан, екінші қызын суррогатты ананың көмегімен өмірге алып келген екен.