Біреулер келер, біреулер кетер... Бірақ, бұл жолдар Наоми Кемпблл мен рэпер Скептаға қатысты емес. Жұлдызды жұптың шаңырақ көтеруге дайындалып жүргені рас па? Голливудтық үйлену той қашан болмақ?
«Сүю бар да, үйлену бар!» Наоми Кемпбелл мен Скепта бүгінде қызу дайындыққа кіріскен. Жо-жоқ бірлескен бейнебаянның түсіріліміне емес. Қос ғашық некелерін заңдастырмақ. Бұл жайында Наоми GQ (Джи Кью) журналына берген сұқбатында айтты. Дегенмен, әнші тойдың нақты қай күні өтетінін құпияда ұстауды жөн санапты.
Тағы бір тойдың ауылы жақындады! 2017 жылдың наурыз айында айырылысқандарын ресми растаған Кэти мен Орландо, бүгінде Прага көшелерінде бірге серуендеп жүр. Қос ғашық тіпті папарацци көзінен жасырынуға да тырыспаған. Кэтидің саусағындағы сақинаны байқап қалған оқырмандар, оны неке жүзігі деп топшылауда. Ал бұған қатысты жұлдыздар әзірге ешқандай жауап қатпады.
Бірі сезімдерін тұмшалап, екіншісі тойдың қамымен жүргенде, Америка жұртшылығы Ник Джонастың сүйгені кім екенін болжап әлек. Тіпті 25 жастағы актер, әйгілі Деми Мурмен көңіл жарастырып жүр деген де қауесет шыққан. Бұған Никтың жас жанкүйерлері қатты қапалы. Себебі, Деми жақында 55 жылдығын атап өткен еді. Десе де, Джонас сері әзірге шын ғашығы кім екенін ешкімге айта қоймады.