Қалың көпшілік қос ханшайымның образын салыстырып жатқанда, француз дизайнерлері жаңа тренд ұсынып үлгерді. Мәселен, Париж фешн уик аясында топтамасын таныстырған Мейсон Мартин Маржела, сүңгігіштер киімін сәнге айналдырғысы келгендей.
Киімдерінің басым бөлігін пластик пен латекстен әзірлеген Джон Гальяноның өзі болса, топтамасын болашаққа деген көзқарасымен байланыстырды. Алайда, дизайнердің бұл ойын сән салтанатына келген меймандар бірден түсіне қоймағандай.