Атақты Marvel студиясының өнімі «Чёрная Пантера» бұл аптада қоржынына миллиондаған теңге түсірді. Әрине, оның табысына таласа билет алып жатқан қазақстандық көрермен өз үлесін қосуда. Райан Куглер таспалаған фильм несімен ерекше?! Жалпы пайдасы қанша?
«Чёрная пантера» блокбастері отандық кино прокатта көштің басын берер емес. Бұл демалыста Marvel - дің кезекті туындысы 114 миллионнан астам қаражат жинаған. «Черная пантера» кейпінде, әлемді құтқару үшін жанын беруге даяр Ваканда ханзадасының батырлығы суреттелетін картина жұрт көңілін табуда.
Ресейлік «Лёд» спорттық драммасы да жақсы көрсеткіштерге ие. Табыстылар тізімінің екінші сатысында келеді. Режиссер Олег Трофимның дебюттық жұмысы, 26 млн теңгені қалтасына салды. Тағдырдың қатаң тәлкегіне түскен мәнерлеп сырғанаушы Надяның өмірі - бұл картинаның сюжеттік негізі.
Ресейлік тағы бір лента үздік үштікке кірді. «О чём говорят мужчины» картинасының жалғасы, алғашқы аптасында 13 миллионнан астам қаржыға кенелген. Бұл отбасы мәселелерін комедия арқылы ұсынатын фильм.
Төртінші орынға жайғасқан америкалық «Ночные игры» комедиялық детективі. Джеймсон Бейтман мен Рэйчел МакАдамс қатысқан фильм 12 миллион табыс тапқан.
Режиссер Стивен Спилберг пен актер Том Хэнкстің тағы бір ортақ туындысы бесінші сатыда. «Секретное досье» өткен жұмада 11 млн теңгені қоржынына салды. Фильмде, Пентагонның құпия құжаттары үшін талас-тартысқа түсетін баспасөз өкілдерінің жай-күйі суреттеледі.