Нұртас «Тараз» фильмін таныстырғанда «режиссерға драма жанры жақпады» - деп сөккен еді көпшілік. Ал, «Я – жених» атты су жаңа комедияның алғашқы көрермендері Адамбайдың тың туындысына пікір білдіруге зауқы жоқ! Сонда, қалжыңға құрылған картина көпшілікті күлдіре алмады ма?!
Нұртас Адамбай күні кеше отандық шоу-бизнес пен кино саласында кәсібін дөңгелеткен өнерпаздардың басын қосып, «Я – жених» комедиясының жабық көрсетілімін өткізді.
Әріптес қыздың өтінішін орындау мақсатында, Тимур болашақ күйеуі ретінде оның ата-анасымен танысады. Алайда, бәрі жастардың жоспарындағыдай болмайды. Кенже қызын ерекше жақсы көретін әкесі, жас жігітті сынақтың астына алады.
Қатал әкенің айла-тәсілі Тимурды әбден әбігерге салды. Ал, картинадағы жағдай өмірде қаншалықты жиі орын алады?! Отағасы атанған жұлдыздар қайын жұртымен танысқан сәттерін есіне алып көрді.
Әділжан Умаров, «Rin'Go» тобының әншісі:
- Әкесі ондай болған жоқ. Әкесі күліп, мен өте қуаныштымын сенімен танысқаныма деп... Біздің танысқанымыз осылай менің есімде қалды.
Асан Мәжит, актер:
- Өзіндік бір қобалжулар, қорқыныш та болды. Қалай қабылдайды екен? Қалай болады екен деп. Бірақ енді бақытыма орай, ата-енем өзінің баласындай қарсы алып, керемет отырыс болды.
Ал, «Я – жених» комедиясы көрерменді күлдіре алды ма?
Әділжан Умаров, «Rin'Go» тобының әншісі:
- Шындығымды айтсам кей кездері монологтары ұзақ болғандай болды.
Асқар Бисембин, режиссер:
- Айтпай-ақ қояйыншы! Нұртастың өзіне айтамын!
Нұртас Адамбай, актер, режиссер:
- Сынның болуы заңдылық! Біздің кереғар пікірлерге етіміз үйренген. Бұл картина алғашқы туындымыз емес. Сондықтан да, біз барлығына дайынбыз. Мақсатымыз – көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
Отандық киноиндустрияны тағы бір тың туындымен толықтырған «Я -жених» комедиясы бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында...